«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі бұл мерекені 2011 жылдан бері тойлап келеді. Сол кездің өзінде мақсатты аудитория туризм саласының өкілдері мен мұражай қызметкерлері болды. Дәстүр бойынша бағдарламада жаңа көрменің тұсаукесері, мамандардың дәрістері, ағаш отырғызу, Наурыз мейрамын тойлау бар. 2011 жылы әлемге әйгілі қазақ реставраторы, «Остров Крым» ғылыми реставрация зертханасының негізін қалаушы және меңгерушісі Қырым Алтынбековтың дәрісін тыңдаған едік. 2024 жылы «Тұран» университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., мұражай көрмелері бойынша қонақтық дәріс оқыды. Файзуллина Г.Ш.