6В11101 «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері туризм бойынша «24/7» халықаралық студенттік байқауында III орын алды

2024 жылғы 17 сәуірде «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері VIII халықаралық конкурсқа қатысты. Байқау тақырыбы: «Қонақжайлылық және туризм индустриясындағы цифрландыру». Конкурс ұйымдастырушы: AlmaU Қонақжайлылық және туризм мектебі. Екі турдың нәтижесі бойынша «Wanderwise» командасы жүлделі III орынға ие болды. Команда құрамына Сухих Злата, Хохленко Александр және Рудик Арина кірді. Рудик Арина «Тұран» университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқиды, ол Ростов-на-Дону қаласынан (оңтүстік федералды университет) келді.

 

Команда жетекшісі – Оспанова А.К., «Туризм және сервис» кафедрасының сениор-лекторы.

Online қабылдау