Докторанттардың Венгрияға шетелдік ғылыми тағылымдамасы

2024 жылдың 17 наурызы мен 17 сәуірі аралығында «Психология» БББ 2 курс докторанттары Ахан Қарқара Олжасқызы және Утеулова Алия Аскаровна Сегед Университетінде (University of Szeged) ғылыми тағылымдамадан өтті. Бұл университет «QS Top Universities Ranking» әлемдік рейтингінің 2024 жылғы көрсеткіші бойынша 601-610 орын алады.

 

Докторанттар шетелдік ғылыми кеңесші, MD, PhD, DSc, «Мінез-құлық ғылымдары» департаментінің профессоры Bettina Franciska Piko жетекшілігімен тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдама барысында докторанттар университет, кафедра және кітапхана қызметімен танысты, университет семинарлары мен студенттердің ғылыми жоба қорғауына қатысты, ғылыми кеңесшімен бірге зерттеудің әдіснамасы мен халықаралық рецензияланатын ғылыми журналға жіберілетін мақалалар талқыланды. Ғылыми тағылымдама соңында докторанттарға сәтті өткені туралы сертификат табысталды.

Online қабылдау