2024 жылғы 5 наурызда “Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Black Sea Science 2024 халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар байқауының финалына қатысты.
Black Sea Science 2024 байқауының мақсаты халықаралық байланыстарды кеңейту және студенттерді ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастыққа тарту болып табылады. Байқауды Одесса ұлттық технологиялық университеті (ДОННТУ, Украина) Украинаның Білім және ғылым министрлігі мен Қара теңіз университеттерінің желісі халықаралық ұйымының қолдауымен өткізеді.
3 студенттен тұратын команда Алимбекова Аяулым, Гаврилова Анастасия және Кан Александр байқауға “Ақпараттық технологиялар, автоматтандыру және робототехника” номинациясы бойынша “КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗДЕРІ” ПӘНІ БОЙЫНША КОМПЬЮТЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ” жұмысын ұсынды.
Байқау финалы онлайн форматта өтті, онда балалар ағылшын тілінде өз жұмыстарын ұсынып, III дәрежелі диплом алды. Сондай-ақ, олардың жұмысы, үздіктердің бірі ретінде, “Технологиялық және бизнес-процестерді автоматтандыру” журналында (Украина) жариялауға ұсынылды.
Команда жетекшісі – т ғ.к., “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ким Екатерина Романовна.
Балалар мен басшыны лайықты жеңісімен құттықтаймыз және олардың барлық бастамаларына жетістіктер мен сәттілік тілейміз!!!