Turan Innovations 2024 финалында “Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының студенттері

2024 жылғы 19 сәуірде “Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Turan Innovations 2024 бизнес-жобалар жастар байқауының финалына қатысты.

 

Turan Innovations байқауының мақсаты кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жастарды кәсіпкерлік ортаға тарту болып табылады.

 

Финалға сан алуан бизнес-жобаларды ұсынған әр түрлі білім беру бағдарламаларының 14 командасы қатысты.

 

“Ақпараттық жүйелер” ББ студенттерінің командасы Алимбекова Аяулым, Гаврилова Анастасия, Зейнеғабылов Асанәлі, Кан Александр және Шлепнев Богдан “SimuLearn оқыту жүйесін әзірлеу” тақырыбындағы жоба байқауының қазылар алқасына ұсынып, 2 орын алды.

 

Команданың тәлімгері – т.ғ.к., “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ким Екатерина Романовна.

 

Балалар мен тәлімгерді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және олардың барлық бастамаларына жетістіктер мен сәттілік тілейміз!!!

Online қабылдау