2024 жылғы 10 мамырда “Тұран” университетінде Demo Day EDTECH INCUBATOR өтті, онда кәсіпкерлер білім беру технологиялары саласындағы өздерінің стартаптарын ұсынды.
Бір ай ішінде кәсіпкерлер EdTech Incubator-да инкубациядан өтті. EDTECH Incubator-ға жіберілген 120 өтінімнің ішінен 15 үздік стартап таңдалды, оның 9-ы 10 мамырда Demo Day-да сөз сөйледі.
Demo Day қазылар алқасының мүшелері болғандар:
- Әсел Әбдірахманова – Innovations Manager MOST Holding.
- Сергей Левадний – IMPRO трекері.
- Екатерина Ким – т.ғ.к., “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Қазылар алқасының шешімімен келесі орындар белгіленді:
- I дәрежелі Диплом – Dara стартапы (жүлде – 500.000 теңге).
- II дәрежелі Диплом – Metan HR стартапы (жүлде – акселерациядағы орын).
- III дәрежелі Диплом – Strategy Academy стартапы (жүлде – венчурлық форумға 2 билет).
Қатысушларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және олардың барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!!!