«Тұран» университетінің түлегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды

Мемлекет басшысының Өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары
қызметіне тағайындалды.

 

Әли Сапарғалиұлы «Тұран» университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша түлегі.

 

2001 жылдан 2020 жылға дейін Әли Алтынбаев Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде басшы және басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

 

2020-2021 жылдар аралығында Қаржы мониторингі агенттігінің экономикалық тергеу бөлімінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

 

2021-2022 жылдары – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.

 

2022 жылдың маусымынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

 

Ол 2022 жылы президент жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағын алды.

 

«Тұран» университеті түлектерінің жетістіктерімен мақтана отырып, Әли Сапарғалиұлына еңбек жолында табыс тілейді!

Online қабылдау