2024 жылғы 25 қыркүйекте “Тұран” университетінде Хаджиева Гүлжахан Усманқызының 60 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 25 жылдығына арналған “Орталық Азия елдерінің экономикалық, саяси және мәдени интеграциясын тереңдету жағдайындағы Орталық Азия бірегейлігі” атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Ғылыми форумды экономика және менеджмент жоғары мектебі ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел қазіргі ғылыми дискурста Орталық Азиялық бірегейлік құбылысын жан-жақты және кеңінен талқылауға, Орталық Азиядағы интеграциялық процестермен байланысты саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени проблемалардың өзекті шешімдерін іздеуге арналған диалог алаңына айналды. Алғашқы құттықтау сөзін “Тұран” университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, э.ғ. д., профессор, академик Алшанов Рахман Алшанұлы ашты. Гүлжахан Усманқызының Қазақстанның Білім және ғылым жүйесін дамытуға, жоғары білікті мамандарды даярлауға қосқан үлесін атап өтіп, Рахман Алашанұлы мерейтой иесіне А. Байтұрсынов атындағы күміс медаль табыс етті. “Тұран” университетінің бірінші проректоры, э.ғ. к., профессор Тазабеков Қуаныш Амеркулұлы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Экономика институтының бас директоры, Э. ғ. д., профессор Тургинбаева Ардақ Несіпбекқызы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, Э.ғ.к., PhD (тарих) Смағұлов Болат Құдайбергенұлы құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ, дқңгелек үстел модераторы ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің Құрмет грамотасын және Н. И. Лобачевски атындағы Нижний Новгород мемлекеттік университетінің Ұлттық зерттеу ұжымының құттықтауын жариялады.
Дөңгелек үстелдің өзекті мәселелері Қазақстанның академиялық және ЖОО ғылымын, Дүниежүзілік банкті, “Астана” халықаралық ғылыми кешенін, Қазақстан ұлттық географиялық қоғамын ұсынатын ғалымдар мен сарапшыларды жинады.
Өткізілген пікірталастың белсенділігі, сөз сөйлеудің эмоционалдылығы және мүдделі пікір алмасу Орталық Азия елдерінің интеграциясы мәселелері бүгінде ерекше маңызға ие болып, талқылауды қажет ететіндігін көрсетті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар, модератор Салтанат Сәрсенбайқызы Таменоваға, сондай-ақ ұйымдастырушыларға өткізілген ғылыми іс-шараның жоғары деңгейлігі үшін, қызықты бағдарламалар мен интерактивті және еркін диалог үшін алғыстарын білдірді.