Шыққан тегіңді біл

2024 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Мұрағат құжаттарындағы Менің отбасымның тарихы» мектептік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының лауреаттары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды «Тұран» университетінің гуманитарлық-заң факультетінің қазақ бөлімінің 1 курс студенті, «Халықаралық қатынастар» білім бағдарламасы – Сәтханбай Жансая иеленді.

 

Байқаудың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың интеллектуалдық және тұлғалық дамуы, ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдіс-тәсілдерін меңгеру, жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, олардың тарихы бойынша деректі дереккөздерді, туған жер және олардың отбасы тарихын зерттеу мен сақтауға баулу. Заманауи өзгерістер жағдайында, отбасылық мұрағат тақырыбы әсіресе өте өзекті.

 

Байқауға қатысу үшін жұмыстар келесі бағыттар бойынша ұсынылды: отбасы мұрағаты – шежіре кілті; адам тағдырының трагедиясы. Менің отбасымның тарихындағы Ұлы Отан соғысы; еңбек даңқы тарихындағы менің отбасым; қала тарихындағы менің отбасым; отбасы – дәстүрді сақтаушы; менің отбасымның Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі.

 

Қатысушылар қызықты тәжірибе жинақтап, мұрағатшы мамандығымен танысты, ең бастысы өз отбасының тарихын тереңірек білді.

Online қабылдау