Менің Тұрандағы түрік тілім!

Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің авторлар тобы Мөлдір Оралханқызы Көмекова мен Ақерке Ержанқызы Қоғамбаева түрік тілін үйренуге арналған танымал және өте жарқын «TURAN’daki Türkçem» оқулығын шығарды.

 

Бұл заманауи оқу құралының негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби және күнделікті қарым-қатынас шарттарын көрсететін қарым-қатынас дағдылары деңгейінде жалпы мәдени құзыреттілік пен түрік тілін меңгеру деңгейін арттыру.Оқулық мазмұны студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық дамуына ықпал етеді. Оқу құралында түрік тілін үйренуге арналған теориялық және практикалық материалмен жұмыс істеуге қажетті барлық әдістемелер қамтылған. «TURAN’daki Türkçem» – бұл тілдік дағдыларды, оқу мен жазуды меңгеруді қамтамасыз ететін түрік тілін оқытудың кешенді бағдарламасы.

Online қабылдау