«Туран» университеті оқытушыларының Польшадағы Erasmus+ KA171 бағдарламасына қатысуы

Еуропалық Одақтың Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында 2024 жылдың 14-18 қазаны аралығында «Туран» университетінің профессорлары Каленова Саулеш Абдразаққызы мен Нышанбаев Нұрболат Қайратұлы Польшадағы Калиш университетінде дәрістер өткізді. Іс-шараға сондай-ақ Халықаралық Бурч университеті (Босния және Герцеговина), Сулхан-Саба Орбелиани университеті (Грузия) және Житомир медициналық институтының (Украина) оқытушылары қатысты.

 

Сапар барысында Калиш университетінің басшылығымен, политехникалық және заң факультеттерінің өкілдерімен кездесу өтті. Қатысушылар Erasmus+ бағдарламасына серіктес университеттердің әріптестерімен болашақтағы ынтымақтастықты талқылап, тәжірибе алмасты.

 

Erasmus+ KA171 бағдарламасы академиялық ұтқырлықты дамытуға ықпал етіп, оқытушылар мен студенттерге білім алмасуға, оқу әдістерін жақсартуға және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға бірегей мүмкіндіктер ұсынады, бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, білім беру үдерісінің сапасын арттырады.

Online қабылдау