«Тұран» университетінде «Тұрандот» мүсінінің ашылу салтанаты

21 қазан күні «Тұран» университетінде Қазақстан Республикасы күніне орай «Тұрандот» мүсінінің ашылу салтанаты өтті.

 

 

Іс-шараның құрметті қонақтары:

  • Қазақстан Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің төрағасы, «Тұран» университетінің қамқоршылық кеңесінің Төрағасы Аймағамбетов Асхат Қанатұлы;
  • Танымал кеңес және қазақ актері, театр мен кино режиссері, сценарист, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі Әшімов Асанәлі Әшімұлы;
  • Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің құрметті төрағасы, «Тұран» университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Серик Ахметжанұлы Аханов;
  • Footlab академиясының тең құрылтайшысы, «Тұран» университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Кикимов Мақсат Сәкенұлы;
  • «Qazaq Oil» ЖШС атқарушы директоры, «Тұран» университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Абильшаиков  Нариман Бақтыбайұлы;
  • Түркия, Стамбул қаласы, Малтепе ауданының мэрі, «Тұран» университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Али Килич;
  • Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының (KazRENA) бас директоры, «Тұран» университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Джапаров Борис Аликенұлы;
  • Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Алишер Сатыбалдиев.

 

«Тұрандот» мүсіні қазіргі Қазақстан кіретін Орталық Азияның тарихи аумағы — Тұран әйелдерінің ұжымдық бейнесі болып табылады. Көптеген шығыс мифтері мен аңыздарын бейнелейтін бұл символ әлемдік мәдениет қайраткерлері үшін шабыт көзіне айналып, терең мағыналарға толы болды.

Қоладан жасалған мүсінді дарынды қазақстандық суретші Нұрлан Әбішев жасаған. Туындының биіктігі – 180 см, диаметрі – 100 см, тұғырдың биіктігі – 50 см. Мүсінді орнату «Тұран» университетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Ұлы даланың қызын бейнелейтін «Тұрандот» мүсіні Алматының жаңа бірегей көрікті жеріне айналып, жастардың ағарту мен жасампаздыққа ұмтылуындағы бірігу орнына айналады деген үміттеміз.

Online қабылдау