2024 жылғы 28, 29 қазан аралығында «Тұран» университетінде сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне инспекциялық тексеріс өтті. Тексеруді URS-Kazakhstan сертификациялау мекемесінің аудиторы – халықаралық сарапшы Қапсаламов Д.С. жүргізді. Аталмыш мекеме Қазақстандағы United Registrar of Systems Ltd. Ұйымының ресми өкілеттілігі болып танылады. URS Ltd. қызметтерінің сапасы UKAS (Ұлыбритания) аккредитациясымен қамтамасыздандырылған.
«Тұран» университеті Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері бола отырып, сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін белсенді түрде жетілдіреді, сапа менеджменті жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және үнемі жақсарып отыруын қамтамасыз етеді.
«Тұран» университететінің сапа менеджменті жүйесі тұтынушы мен стейкхолдерлер алдында университет ұсынатын білім сапасының кепілдігін қамтамасыз етеді.