2024 жылғы 9 желтоқсанда «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі оқытушылары Ж.С. Дүйсебаев пен Г. Ш. Аталықова кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында И. В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейінің түлектерімен кездесу өткізді. Кездесуде балаларға «Тұран» университетінде оқу мүмкіндіктері , заңгерлік білім беру перспективалары және құқықтық саладағы жұмыс ерекшеліктері туралы айтылды. Түлектер белсенді сұрақтар қойып, заңгер мамандығына қызығушылық танытып, болашақ жоспарларымен бөлісті . Мұндай кездесулер жастарға мамандықты саналы түрде таңдауға және құқық әлемінде өз болашағын көруге көмектеседі.