2024 жылдың 2 желтоқсанынан 13 желтоқсан аралығында «Тұран» университетінің жанынан құрылған «Құқық» ғылыми-зерттеу институтының базасында Әл-Фараби ҚазҰУ-ның «7М004201-Құқықтану» ББ магистранттарының ғылыми-зерттеу тағылымдамасы басталды.
Магистранттардың ғылыми-пәндік сипатындағы тағылымдама негізгі құзыреттерді бекітуге, білім беру бағдарламасы бойынша даярлықтың, біліктіліктің кәсіби деңгейін арттыруға және практикалық дағдыларды жетілдіруге, оқытылатын мамандық бойынша жаңа әзірлемелермен танысуға, шет тілін білуді жетілдіруге және мәдени және жалпы білім беру деңгейін арттыруға бағытталған.