«Тұран» университетінің профессорлық оқытушылар құрамы үшін педагогикалық шеберлік мектебі – 2025

2025 жылдың қаңтарында біздің университеттің профессорлық оқытушылар құрамы келесі бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтады:

 

  • ЖОО-дағы инклюзивті білім берудің ерекшеліктері (Герасимова Н.С. – «Тұран» университетінің ӘжТҚ бойынша проректоры; Нурмагамбетова Б.А. – п.ғ.к., Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің педагогика Жоғары мектебінің профессоры.);
  • Білім беру процесінде жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдану (Тусупова С.А. – «Тұран» университетінің АМЖД директоры);
  • Қала үшін БББ әзірлеу (Алматы қ. жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы негізінде), тренинг (Скиба М.А. – ЖББДҰО сарапшысы);
  • Оқыту сапасын бағалау: тәсілдер, өлшемдер мен құралдар (Мухамедьярова-Левина Т.Т. – СҚК төрағасы, э.ғ.к., «Тұран» университетінің Қаржы және есеп ЖМ профессоры);
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеу және оқыту шеберлігі (Попов В.О., Саринова Г.Е. – «Тұран» университетінің Психология ЖМ сениор-лекторлары);
  • Қазіргі аударманың өзекті мәселелері: ғылыми, құқықтық және аудиовизульдік дискурстарды аударудағы қиындықтар мен шешімдер (Жумабекова А.К. – Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры.; Головчун А.А. – п.ғ.к., «Тұран» университетінің МжМК ЖМ қауымдаст.профессоры; Паташкова Е.С. – «Тұран» университетінің МжМК ЖМ сениор-лекторы);
  • Медиа кеңістіктегі кәсіби құзыреттер: контент аналитика, цифрлық технологиялар және ЖИ (Курманбаева А.А. – к.фил.н., «Тұран» университетінің МжМК ЖМ қауымдаст.профессоры, Шиндалиева М.Б. – д.фил.н., «Тұран» университетінің МжМК ЖМ зерттеуші-профессоры, Алдонгарова Б.Ш. – «Тұран» университетінің МжМК ЖМ сениор-лекторы);
  • Студенттердің білімін тексеру және бақылау нысандарының әртүрлілігі (Абилова Р.Д. – «Тұран» университетінің МжМК ЖМ сениор-лекторы);
  • Маркетингтегі цифрлық технологиялар (Мухамедкаримова А.М. – ЕҚҚжДБ бағдарламасының маркетинг жөніндегі сарапшысы, Қазақстандық маркетинг қауымдастығының атқарушы директоры, Гаитов Д. – Netpeak Kazakhstan интернет-маркетинг агенттігінің Тeam Lead Project Manager);
  • Ғылыми зерттеулер үшін жасанды интеллект құралдарын қолдану (Солдатенко Т.А. – PhD., AlmaU қауымдаст.профессоры, B.MIND консалтингтік компаниясының директоры).

 

 

Курстар Педагогикалық шеберлік мектебі аясында ұйымдастырылды және теориялық бөлімді де, практикалық тапсырмаларды да қамтыды. Қатысушылар заманауи әдістерді үйренді, сондай-ақ алған білімдерін нақты кейстерде қолданды.

 

Жасанды интеллект (ЖИ) курсы тыңдаушылар арасында қызу пікірталас тудырды, бұл ЖИ-ті білім беру процесіне енгізудің өзектілігін көрсетеді. Оқытушылар студенттердің белсенділігі мен оқу тиімділігін арттыру үшін осындай технологиялардың жоғары әлеуетін атап өтті.

 

Оқыту қорытындысы бойынша барлық профессорлық оқытушылар құрамы кәсіби құзыреттіліктерін растайтын сертификаттар алды.

 

Біздің оқытушыларымыздың жаңа білімі мен дағдылары университеттің одан да жылдам дамуына және білім алушыларға одан да сапалы білім, білік пен дағды беруге көмектесетініне сенімдіміз.

 

Оқытуды өткізудің жоғары деңгейі үшін спикерлерге алғыс айтамыз!

Online қабылдау