Экономика және менеджменттің жоғары мектебі «Туран» университеті және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті бірлесіп, Алматы қаласындағы 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында «Әлеуметтік кәсіпкерліктің заманауи үрдістері» тақырыбында олимпиада өткізетінін хабарлайды.
Әлеуметтік жастар кәсіпкерлігі бойынша олимпиаданың мақсаты – мемлекеттің және жергілікті қауымдастықтардың мүдделерін ескере отырып, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлік дағдыларды жастар арасында дамытуға ықпал ету.
Олимпиаданың міндеттері:
ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Команда 2-3 қатысушыдан тұруы тиіс.
Олимпиада мемлекеттік (қазақ), орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
Жеңімпаз деп барлық қатысушы командалардың ішінен ең жоғары ұпай жинаған команда танылады.
Қорытынды шығару кезінде «Туран» университетінің ұйымдастыру комитеті командалық есеп бойынша әр орынның жеңімпаздарын анықтайды.
Олимпиадаға қатысу үшін 08 ақпан 2025 жыл (қоса алғанда) дейін мына сілтеме арқылы өтінім толтыру қажет
15 ақпан 2025 жыл (қоса алғанда) дейін әр команда өз эссесі мен жобасын электронды поштаға жіберуі тиіс: m.nurmagambetova@turan-edu.kz.
Олимпиаданы тексеру 17 ақпан 2025 жылы аяқталады, осы күні жеңімпаздар жарияланып, қатысушылар мен жеңімпаздарға сертификаттар мен дипломдар электронды түрде жіберіледі..
Сертификаттар мен дипломдар олимпиаданың қорытындылары жарияланған күннен бастап екі апта ішінде жіберіледі.
ОЛИМПИАДА ҚҰРЫЛЫМЫ
Олимпиада екі бөлімнен тұрады.
I кезең – «Мемлекеттің жастар кәсіпкерлігін дамытудағы рөлі» тақырыбында эссе жазу. (Қосымша 1)
II кезең – «Әлеуметтік кәсіпкерліктің заманауи үрдістері» тақырыбында жоба әзірлеу. (Қосымша 1)
ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ
Олимпиада нәтижелері бойынша 1, 2 және 3 орын иегерлері анықталады. Ең ерекше әрі креативті жұмыстар арнайы дипломдармен марапатталады. Нәтижелер «Туран» университетінде жарияланады.
ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:
БАЙЛАНЫС:
Барлық сұрақтар бойынша m.nurmagambetova@turan-edu.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.
Шұғыл мәселелер бойынша байланыс телефоны: +7 727 260 40 00 – «Туран» университетінің Экономика және менеджмент жоғары мектебі.