Қаскелен қаласындағы Құқық жоғары мектебі оқытушыларының кәсіби бағдар беру жұмысы

25 қаңтарда Құқық жоғары мектебінің оқытушылары А. С. Төлебаева мен Г.Ш. Аталыкова Алматы облысы Қаскелен қаласының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оқушылармен кездесу барысында оқытушылар заң мамандығы, оның қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, оқыту және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Оқушылар үлкен қызығушылық танытты, оқуға түсу, студенттік өмір және құқық саласындағы жұмыс перспективалары туралы сұрақтар қойды.

 

 

Мектептердің қатысуы:

 

📌 Әлімқұлов атындағы мектебі-4 сынып

📌 Белинский атындағы мектеп-5 сынып

📌 Керімбеков атындағы мектебі-3 сынып

📌 Сәтбаев атындағы мектебі-4 сынып

📌 Байжанов атындағы  мектебі-2 сынып

📌 “Қарлығаш” гимназиясы-4 сынып

📌 Абай атындағы  мектебі-3 сынып

📌 Пушкин атындағы мектеп-2 сынып

 

 

Оқытушылар  оқушылар арасында болашақ мамандықты таңдау туралы ойланатын талантты, мақсатты балалар бар екенін атап өтті.  Мұндай кездесулер оқушыларға кәсіби қызығушылықтарын анықтауға көмектеседі және оларды жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады.

Online қабылдау