Тұран университетіндегі жыл сайынғы педагогикалық шеберлік мектебі

2025 жылғы  қаңтардың 13-17-сі аралығында Тұран университетінде жыл сайынғы педагогикалық шеберлік мектебіне қатысушылар инновациялық мазмұнды меңгергендерін растайтын сертификаттарға ие болды. Бағдарлама аясында Медиа және мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебі оқытушыларға ізденістеріне сәйкес біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

 

“Қазіргі заманғы аударматану мәселелері: ғылыми, заңдық және аудиовизуалды дискурсты аударудағы қиындықтар мен шешімдер” атты курсқа біздің университеттің, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тіл мамандары қатысты. Бес күн бойы сарапшылар аударманың әртүрлі салаларының ерекшеліктерін талқылады.

 

Аға оқытушы Е.С. Паташкова аударма академиясында кәсіби аудармашылар мен аударма компаниялары қауымдастығы аясында осы курсты жүргізетін маман, заң саласындағы аударманың ерекшеліктері мен оларды еңсеру жолдарын атап өтті. Аудиовизуалды аударма мәселесін педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, тәжірибелі синхронды аудармашы А.А. Головчун егжей-тегжейлі қарастырып, фильмдер, телехикаялар және басқа да медиаматериалдарды аударудың практикалық аспектілерімен бөлісті. Ғылыми аударма тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыстану филологиясы және аударма кафедрасының профессоры, “Аударма сапасын бағалау: ғылыми және білім беру салалары” (2023-2025) атты ғылыми жобаның жетекшісі А.К. Жұмабекова және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың аударма және филология факультетінің шет тілдеріндегі сөйлеу тәжірибесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD А.М. Куркимбаева баяндама жасап, академиялық мәтіндермен жұмыс істеудің заманауи әдістері мен тәсілдерін талдады, қызықты кейстер ұсынып, дәл аударма нұсқаларын көрсетті.

 

“Журналистика” және “Қоғаммен байланыс” білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді даярлайтын оқытушылар үшін “Медиа кеңістіктегі кәсіби құзыреттер: контент аналитика, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект” тақырыбында дәрістер, пікірталастар мен тәжірибе алмасу шаралары өтті. Медиа және МК жоғары мектебінің спикерлері:

 

  • филология ғылымдарының докторы, зерттеуші-профессор М.Б. Шиндалиева (“Жанрлар трансформациясы: аналитика және синтез” тақырыбы);
  • филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.А.Курманбаева (“БАҚ және цифрлық технологиялар құралдарын пайдалану” тақырыбы);
  • аға оқытушы, журналист, “Kazakhstan Fashion Week” халықаралық жобасының негізін қалаушы және PR-директоры, Fashion индустриясындағы халықаралық байқаулардың мүшесі Б.Ш. Алдонғарова (“Public Relations оқытудың теориясы мен практикасын біріктіру: классикалық теориядан инновациялық әдістерге” тақырыбы).

 

 

Шақырылған қонақ-спикерлер шеберлік сыныптарын және воркшоптар өткізді:

 

  • IT маманы, Жасанды интеллект академиясының жетекшісі, журналист Мейіржан Әуелханұлы (“Жасанды интеллект ғылымының даму деңгейі қандай?” тақырыбы);
  • журналист, Интерньюс агенттігінің қызметкері, медиа сауаттылық бойынша маман Белла Орынбетова (“Контент құру және оны ашу жолдары” тақырыбы).

 

 

Жас оқытушылар үшін “Студенттердің білімін бақылау және бағалаудың әртүрлі формалары” атты оқыту әдістемесі бойынша курс өте пайдалы болды. Спикерлер қатарында – Медиа және МК жоғары мектебінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.С. Бузело, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор К.З. Жаппар және сениор-лектор Р.Д. Абилова.

 

Педагогикалық шеберлік мектебі тәжірибе алмасу, кәсіби салалардағы өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибелі мамандар мен оқытушылардың дағдыларын жетілдіру алаңы ретінде маңызды рөл атқарды. Қатысушылар мектептің жоғары деңгейі мен тиімділігін атап өтіп, осындай білім беру бастамаларын жалғастыру қажеттілігіне сенім білдірді.

Online қабылдау