2025 жылдың 19 ақпанында «Маркетинг және логистика» жоғары мектебі «Тұран» колледжінің «Маркетинг» мамандығының бітіруші курс студенттеріне шеберлік сыныптарын ұйымдастырды және өткізді

2025 жылдың 19 ақпанында «Тұран» Университетінің «Маркетинг және логистика» жоғары мектебі «Тұран» колледжінің «Маркетинг» мамандығының бітіруші курс студенттеріне шеберлік сыныптарын ұйымдастырды және өткізді. 1. «Маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбындағы шеберлік сынып. Спикер – «TechnoBridge Distribution» ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы, Қазақстандық Маркетинг Қауымдастығының атқарушы директоры, маркетологтар клубының негізін қалаушы Мухамедкаримова Анелия Маликовна. Ол цифрлық платформалар: Интернеттегі жарнама, әлеуметтік желідегі жарнамалар, мобильді қосымшалар және мобильді жарнама, кеңейтілген және виртуалды шындық технологиялары (AR және VR), жасанды интеллект (нейрондық желілер) туралы айтты. 2. «Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту» тақырыбында шеберлік сынып. Спикер – «Тикетон» ЖШС Бас директоры Торгунакова Виктория Константиновна. Ол Қазақстандағы электрондық коммерцияның қазіргі жағдайы, мәселелері, үрдістері мен даму перспективалары, Интернет-дүкендердің жұмысы туралы айтып, көптеген қызықты статистикалық деректер мен практикалық мысалдарды келтірді. Шеберлік сыныптар колледж оқушыларының қызығушылығы мен оң пікірлерін тудырды. Олар мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді. Спикерлердің баяндамалары жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтті, білім алушылар үшін өте қызықты, мазмұнды, танымдық және пайдалы болды.

Online қабылдау