2025 жылғы 26-28 наурыз аралығында «Тұран» университетінің «Маркетинг және логистика» Жоғары мектебі маркетинг апталығын өткізді, оның шеңберінде ғылыми іс-шаралар: конференция, олимпиада, қонақ дәрістер ұйымдастырылды.
2025 жылғы 26-27 наурызда «Маркетингтегі цифрлық технологиялар және инновациялық әдістер» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция форматы гибридті болды – 207 конференц-залда офлайн және ZOOM-да онлайн.
Халықаралық конференция – бұл спикерлер мен барлық қатысушылардың сындарлы диалогы, пікірталастар, маркетингтің өзекті мәселелерін талқылау, пікір алмасу, білім, тәжірибе алмасу, жаңа қызықты және пайдалы ақпарат алу алаңы.
Конференцияны «Тұран» университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, э.ғ.к., PhD докторы Разакова Д.И. ашты. Модератор ретінде 2025 ж. 26 наурызда конференцияны э.ғ.к., зерттеуші профессор Давлетова М.Т. жүргізді, ал 27 наурызда магистр, сениор-лектор Қадырова К.Ж. жүргізді.
Конференцияда Ресей, Болгария, Англия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Латвия және Қырғызстаннан келген серіктес жоғары оқу орындарының шетелдік спикерлері сөз сөйледі. Спикерлердің барлық баяндамалары өте қызықты, мазмұнды, презентациялар – түрлі-түсті және тартымды болды, маркетингтің өзекті мәселелері мен заманауи тенденциялары қаралды, құнды және пайдалы практикалық тәжірибе алмастырылды.
Барлық спикерлерге конференцияға қатысқаны үшін сертификаттар жіберілді. Модератор конференцияның барлық спикерлері мен қатысушыларына алғысын білдіріп, үлкен шығармашылық табыстар мен жетістіктер тіледі.