«Тұран» университетінде психологиялық және трансформациялық ойындар фестивалі өтті

Ағымдағы жылдың 29-30 наурыз күндері «Тұран» университетінде психологиялық және трансформациялық ойындарға арналған ең ауқымды фестиваль – GAME FEST өтті.

 

Аталған іс-шараға 500-ден астам қонақ қатысты. Қатысушылар эмоциялық интеллектті, коммуникативтік дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және терең тұлғалық өсуге бағытталған 40-тан астам қызықты ойынды тәжірибеден өткізуге мүмкіндік алды. Әрбір қатысушы өзінің өзекті мәселелерін шешуге арналған құрал таба білді. Фестиваль тек ойын алаңы болып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заманғы психологияның озық әдістемелеріне тереңірек үңілуге мүмкіндік берген орынға айналды. Қатысушылар трансформациялық ойындардың ғылыми негіздерімен танысып, өзін-өзі жетілдіруге арналған практикалық құралдарға ие болды.

 

Фестиваль қатысушылардың жадында жаңа біліммен, құнды таныстықтармен және алға ұмтылуға бағытталған қуатты серпінмен ерекше із қалдырды. Бұл оқиғаның Қазақстанда тұлғалық өсу мәдениеті дамуындағы маңызды кезең болғаны сөзсіз.

 

 

📌 Ұйымдастырушылар:

 

 

 

🌟 Хедлайнерлер:

 

 

 

🎓 Психология жоғары мектебі әлеуметтік желілерде:

Online қабылдау