«InnoProject Challenge» студенттердің инновациялық шешімдер конкурсы

2025 жылдың 27 наурызында «Тұран» университетінің «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінде «InnoProject Challenge» студенттік инновациялық шешімдер байқауы өтті. Бұл байқау студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың «InnoTech Connect: идеялар мен технологияларды байланыстырамыз» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өтті.

 

Байқауға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерінен ақпараттық технологиялар, инженерия, ғылым, бизнес шешімдері сияқты түрлі салалардағы инновациялық тәсілдерді дамытуға бағытталған 20-дан астам жоба келіп түсті.

 

 

Алынған нәтижелер бойынша тағайындалған марапаттар төмендегідей:

 

I дәрежелі Диплом – Исмуханбетов Б.Т., Аркатов Е. А., Айтқан А. «Arduino негізінде сұрыптауыш қондырғысын әзірлеу», Алматы технологиялық университеті. Ғылыми жетекшілері: PhD, ассистент профессор Орманбекова А.А., техника ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор Ильясов Е.С.

 

I дәрежелі Диплом – Ералы А.  «E-commerce сайтының дизайны және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға шолу», «Тұран» университеті. Ғылыми жетекшілері: PhD Қожамқұлова Ж.Ж., э.ғ.д., профессор Байтенова Л.М.

 

II дәрежелі Диплом – Третьякова А. «АИ көмегімен бейне ойындардағы ойыншылардың мінез-құлқын талдауға арналған қосымшаны әзірлеу», Алматы технологиялық университеті. Ғылыми жетекшісі: техника магистрі, сеньор-лектор  Бөкенова И.Н.

 

II дәрежелі Диплом – Идрисова Р.А., Шмарин Т.К., Савгира А.Е. «Табиғи тілді өңдеу әдістерін қолдана отырып, студенттердің сұраныстарын өңдеуге арналған чат-бот», «Тұран» университеті. Ғылыми жетекшісі: т. ғ. к., қауымдастырылған профессор Ким Е. Р.

 

II дәрежелі Диплом – Токбаев С.А., Амалхан Е.Е., Абдиқан Ә. «Reconbot TR-1 жобасы», Алматы технологиялық университеті. Ғылыми жетекшісі: сеньор-лектор Жұмахан Н.Б.

 

III дәрежелі Диплом – Тохтарбаев М.М., Икласов Д.Б., Нусипбеков Ж.Х. «Ұлы хандықтың жолы» адаптивті ЖИ пайдалана отырып, Қазақстан тарихын зерделеу ойынын әзірлеу», «Тұран» университеті. Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдары магистрі Мамбетов С. Т.

 

III дәрежелі Диплом – Сыздыков Э.Е. «Тұлғалар мен нысандарды табу», Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі. Ғылыми жетекшісі: техника магистрі, Тлеубердиева Ж. К.

 

III дәрежелі Диплом – Әли М.А., Үсенова С., Тұралы А. «Unity көмегімен шытырман жанрындағы түсті механикаға негізделген 2D платформалық ойынды әзірлеу», «Тұран» университеті. Ғылыми жетекшісі: т. ғ. д., профессор Түсіпова С. А.

 

III дәрежелі Диплом – Степанова И.Д., Әбдікерім Т.С. «TRACKAPP қала ішіндегі логистиканы оңтайландыруға арналған программалық қамтама», Азаматтық Авиация Академиясы. Ғылыми жетекшісі: т. ғ. к., қауымдастырылған профессор Әбжапбарова А. Ж.

Online қабылдау