2025 жылғы 27-28 наурызда «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінде студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың «InnoTech Connect: идеялар мен технологияларды байланыстырамыз» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция шығармашылық ойлауды ынталандыру және өзекті мәселелерді шешуде инновациялық тәсілдерді дамыту мақсатында ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласында студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар арасында білім және идеялар алмасу алаңын құрды.
Конференцияны экономика ғылымдарының кандидаты, PhD, Тұран университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Разақова Дина Ибрагимқызы және техника ғылымдарының магистрі, Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің директоры, Мәмбетов Сәкен Төлегенұлы ашты.
Конференцияның пленарлық отырысына білім және ғылым саласындағы оқытушылар мен ғалымдар, IT-компаниялардың әзірлеушілері мен кәсіпкерлері қатысты. Спикерлер өз сөздерінде цифрландыру және жасанды интеллекттің өзекті тақырыптарына тоқталды, атап айтқанда: білім беруде AI-ны қолдану, АТ саласындағы алғашқы тәжірибе, GNSS мониторингі үшін деректер базасын жобалау, білімді басқару және цифрландыру тәуекелдері. Спикерлер жас мамандар үшін де, кәсіпқойлар үшін де пайдалы болатын практикалық ұсыныстарымен және тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияға «Тұран» университетінің студенттерінен басқа Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Италия, Оңтүстік Корея және Гонконг оқу орындарының магистранттары мен студенттері де қатысты.
Офлайн режимде сөйлеген барлық конференция қатысушылары қатысушы сертификаттарын алды, ал үздік баяндамалар I, II және III дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Конференцияның модераторы – техника ғылымдарының кандидаты, Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің доценті Ким Екатерина Романовна.
Конференция нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы біле аласыз.