«Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің профессорлары Джордж Вашингтон университетінде қонақ дәріс өткізді

2025 жылдың 17 сәуірінде «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің профессорлары Ж.М. Төлен және Ж.Р. Ағыбай Джордж Вашингтон университетінің Эллиот Халықаралық қатынастар мектебінде “Қазақстанның Орталық Азиядағы сыртқы саясаты: онжылдық эволюция және аймақтық динамика” тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында соңғы онжылдықтағы Қазақстан сыртқы саясатының қалыптасу траекториясы мен оның өңірлік және жаһандық үдерістерге байланысты қалай өзгергені жан-жақты талданды.

 

Дәріс барысында негізгі жаһандық және аймақтық субъектілермен, соның ішінде Ресей, Қытай, Еуропалық Одақ және АҚШ пен теңгерімді және өзара тиімді қарым-қатынастарды сақтауға бағытталған көпвекторлы сыртқы саясат тұжырымдамасы басты назарда болды. Спикерлер Қазақстанның Орталық Азиядағы интеграциялық және ынтымақтастық бастамаларына белсенді қатысу арқылы егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға деген ұмтылысын ерекше атап өтті.

Online қабылдау