Арманқызы Қызғалдақ — халықаралық байқаудың жеңімпазы және Талғар қаласы әкімінің алғыс хатының иегері

  1. Жоғары көшбасшылық қасиеттері мен қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін Арманқызы Қызғалдақ «XXI ғасыр көшбасшысы» атты халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. «Bilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен байқау қорытындысы бойынша ол келесі марапаттарға ие болды: – І дәрежелі диплом, – «XXI ғасыр көшбасшысы» медалі, – жеңімпаздың статуэткасы. Ғылыми жетекшісі – Құқық жоғары мектебінің директоры Джұмабаева К.А. Құттықтаймыз! Жетістіктерің еселене берсін!
  2. Жауапкершілігі, табандылығы және белсенді азаматтық ұстанымы үшін Арманқызы Қызғалдақ қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлының алғыс хатымен марапатталды. Ол Отанға деген шынайы сүйіспеншілігімен, ұлттың рухани құндылықтарына деген адалдығымен және ел бірлігін нығайтуға бағытталған белсенді қызметімен ерекшеленеді. Қызғалдақ, сенің жеңістерің — баршамыздың ортақ мақтанышымыз!
Online қабылдау