«Тұран» университетінің «Құқық» ғылыми-зерттеу институтында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «7М004201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы магистранттарының ғылыми-зерттеу тағылымдамасы өтті. Тағылымдама шеңберінде магистранттар ғылыми семинарларға, жетекші оқытушылардың дәрістеріне, сондай-ақ зерттеу дағдыларын тереңдетуге және академиялық тәжірибе алмасуға бағытталған практикалық сабақтарға қатысты. Интеграциялық процестер жағдайындағы қазіргі заманғы құқықтық проблемалар мен заң ғылымы мәселелеріне ерекше назар аударылды.