2025 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырған «Қазақстанның құқық қорғау жүйесі жаңа жаһандық нақты ахуалда: ахуал, реформалар, даму» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция аралас форматта өтіп, Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің ғылыми және практикалық заң қоғамдастығы өкілдерінің басын қосты. «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінен «Құқық қорғау қызметінің маңызды бағыты ретінде жазаларды орындаудың кейбір аспектілерін жетілдіру туралы» тақырыбында Ғылыми-зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Талғат Құрманұлы Әкімжанов баяндама жасады. Ол «Тұран» университетінің жоғары ғылыми деңгейін және оның құқық қорғау қызметі саласындағы өзекті құқықтық проблемаларды талқылауға белсене тартылғанын атап өтті.