Үздіксіз білім беру институты қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын университеттің оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қосымша кәсіптік білім берудің негізгі нысаны болып табылады.
Институт тыңдаушыларының біліктілігін арттыру университет жоспарларына сәйкес және білім беру мекемелерімен, сондай-ақ басқа да жеке және заңды тұлғалармен жасалатын өтінімдер мен шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген тыңдаушыларға университет сертификаты беріледі.
Университеттің азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің мүддесі үшін қосымша білім беру қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметін тиімді дамыту үшін институттың қызметі келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
- университетте қосымша кәсіптік білім беруді дамыту мен тиімділігін арттырудың жүйелі сипатын қамтамасыз ету;
- профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру арқылы Университеттің кадрлық әлеуетін нығайту;
- университет миссиясын іске асыруға және білім беру қызметтері нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу;
- тыңдаушылардың сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру бағдарламаларының мазмұнын қамтамасыз ету арқылы білім беру қызметтерінің сапасын арттыру.
Институттың негізгі міндеттері:
- қосымша білім беру қызметтері жүйесіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау;
- қосымша және қосымша кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бағытталған жоғары мектептер мен университет ҒЗИ бастамаларын іске асыру үшін ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз ету;
- педагогикалық шеберлік мектебі шеңберінде іс-шаралардың іске асырылуын құжаттамалық растауды қамтамасыз ету және жәрдемдесу.