2025 жылдың 7 қазанында «Тұран» университетінде Ресейдің Пенза мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесу және екі жоғары оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Университетке ресми сапармен заң ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық қызмет жөніндегі проректор, Пенза мемлекеттік университетінің Халықаралық ынтымақтастық институтының директоры, диссертациялық кеңес төрағасы және Пенза облысы жоғары оқу орындары ректорлар кеңесінің мүшесі Синцов Глеб Владимирович; сондай-ақ техника және заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Пенза мемлекеттік университеті Заң институтының «Құқық қорғау қызметі» кафедрасының меңгерушісі, Пенза облыстық сотының судьялар біліктілік алқасының мүшесі Свечников Николай Иванович келді.
Кездесу барысында тараптар білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын, сондай-ақ заң ғылымдары саласындағы серіктестікті дамыту және мамандар даярлау мәселелерін талқылады.
Кездесу аясында «Тұран» университетінің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры Таяуова Гүлжанат Жұбатқанқызы белсенді өмірлік ұстанымы, жоғары кәсібилігі, білім беру саласын дамытуға және университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Меморандумға қол қою «Тұран» университетінің халықаралық байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы академиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.