«Драмалық театр режиссурасы» білім беру бағдарламасы магистранттардың шығармашылық және зерттеушілік ойлауын, кәсіби рефлексиясын дамытуға, сондай-ақ театр өнері саласындағы жалпы мәдени (әмбебап) және кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама драмалық театр режиссурасы саласында терең теориялық және практикалық дайындықты қамтамасыз етеді, жеке көркемдік стильді дамытуға, заманауи режиссерлік технологиялар мен қойылымдық әдістерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Магистранттар ғылыми-зерттеу, педагогикалық және жобалық қызмет дағдыларын игереді, заманауи театр мәдениетінің үдерістерін талдай біледі, авторлық режиссерлік тұжырымдамаларды әзірлеп, жүзеге асырады, сондай-ақ сахналық өнер саласында білім беру және ағартушылық қызметпен айналыса алады.
Бағдарлама «Театр режиссурасы» бағыты бойынша докторантура деңгейінде ғылыми-зерттеу қызметін жалғастыруға даярлықты қамтамасыз етеді.
Оқыту аяқталғаннан кейін магистрантқа «Драмалық театр режиссурасы» бағыты бойынша «Өнертану магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.