2025 жылғы 5 қарашада “Туран” университетінде Centras Securities компаниясының аналитика департаментінің директоры Қуаныш Қыстаубаевтың қатысуымен шеберлік сабағы өтті.
Кездесу барысында Қуаныш облигациялар (бондар) туралы — қаржы нарығындағы маңызды құрал, әсіресе сақтандыру компаниялары контекстінде — кеңінен айтып берді. Студенттер облигациялардың қалай жұмыс істейтінін, активтер мен тәуекелдерді басқарудағы рөлін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының тұрақтылығына қалай әсер ететінін білді.
Спикер өзінің мансап жолымен бөлісті — саладағы алғашқы қадамдардан бастап еліміздегі жетекші қаржы топтарының бірінде жұмыс істеуге дейін. Сонымен қатар, Centras компаниясының корпоративтік мәдениеті, құндылықтары және жас мамандарға арналған мүмкіндіктер туралы айтылды.
Іс-шара интерактивті форматта өтті: студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, нақты мысалдарды талқылап, қаржы саласында мансап құру бойынша практикалық кеңестер алды.
Шеберлік сабағын ұйымдастырушылар: Centras Securities компаниясы, Мансап және көшбасшылық орталығы, “Туран” университетінің Қаржы және есеп жоғары мектебі.
Іс-шараға қатысқан барлық студенттер мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз! Алда әлі де қызықты кездесулер күтіп тұр — жаңалықтарды жіберіп алмаңыз!