«Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанович Алшанов үздік эдвайзер-кураторлардың еңбегін ерекше атап өтіп, олардың студенттік топтардың дамуына қосқан зор үлесін жоғары бағалады. Өз ісіне адалдығы, студенттерге көрсеткен қолдауы және университет өміріне белсенді қатысқаны үшін үздік эдвайзер-кураторларға сыйақы берілді және алғыс хаттармен марапатталды.