26 қазан 2025 жылы Тұран университетінде жыл сайын дәстүрге айналған «Бөлтіріктер Додасы VIII» атты пікірсайыс турнирі өтті. Бұл турнир – пікірсайыс әлеміне жаңадан қадам басқан жас дебатшыларға арналған маңызды дода.
Биылғы турнирдің басты мақсаты – жас буынның пікірталасқа деген қызығушылығын арттыру, бәсекелестік рухын қалыптастыру, сондай-ақ олардың ораторлық шеберлігін, сыни ойлау қабілетін және көшбасшылық қасиеттерін дамыту болды.
Бір күнге созылған дода барысында қатысушылар түрлі тақырыптарда қызу пікірталас жүргізіп, өз дәлелдерін логикалық тұрғыда қорғап, қарсы тараптың уәждеріне жауап бере білді. Турнир жас пікірсайысшылар үшін үлкен тәжірибе мектебі болып, оларға жаңа серпін сыйлады.
Нәтижесінде турнир қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды:
1-орын – “Мишка Фредди” фракциясы
2-орын – “Аид” фракциясы
3-орын – “Аннабель” фракциясы
Үздік талпыныс – “Заклятие” фракциясы
Ең үздік спикер: Тайтанова Балауса
Үздік спикер: Қуанқызы Балсая
Үздік төреші: Окан Асыл
Ең үздік төреші: Мырзағали Данияр
Үздік образ: Есенова Амина
Ең қорқынышты образ: Тұрсынбаева Тоғжан
Үздік импровизация: Анартай Аяжан
Үздік харизма: Қуанқызы Балсая
«Көзқараспен өлтірген» номинациясы: Абдихан Марғұлан
«Бөлтіріктер Додасы» турнирі жыл сайын Тұран университетінің қабырғасында өткізіліп, Алматы қаласындағы дебат қозғалысының дамуына, жаңа есімдердің қалыптасуына және пікірталас мәдениетінің артуына үлкен үлес қосып келеді.
Бұл дода — тек жарыс емес, жас пікірсайысшылардың алғашқы жеңісіне жол ашатын, олардың ой мен сөз еркіндігін шыңдайтын және Тұран университетінің рухын бейнелейтін дәстүрлі мереке.