Жаңа түрік тілі оқу құралы жарық көруімен құттықтаймыз!

Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің оқытушылары Мөлдір Оралханқызы Көмекова және Ақерке Ержанқызы Қоғамбаева, түрік тілі бойынша жаңа оқу құралы «TURAN’daki Türkçem-2» атты еңбегін таныстырды.

 

Бұл оқу құралы студенттердің жалпы мәдени түсінігін дамытып қана қоймай, кәсіби және күнделікті өмірде тиімді қарым-қатынас жасауға қажетті негізгі коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды ерекше назарға алады.

 

Оқу құралының әдістемелік жүйесі түрік тілін үйренудің теориялық негіздері мен практикалық аспектілерін үйлестіре отырып, тілдік дағдыларды меңгеруге қажетті кешенді құралдарды ұсынады. «TURAN’daki Türkçem-2» оқу құралы – ауызша және жазбаша сөйлеу қабілеттерін жан-жақты дамытуға, сондай-ақ оқылым дағдыларын тұрақты қалыптастыруға бағытталған тиімді оқу жүйесі.

 

Аталмыш оқу құралы тек түрік тілін меңгеріп жүрген студенттерге ғана емес, сонымен қатар Тұран Университетінің аймақтану, халықаралық қатынастар және түрік тілін оқытатын барлық мамандықтары бойынша білім алушыларға, сондай-ақ халықаралық коммуникация мен халықаралық ынтымақтастық саласындағы білімін тереңдетуге ұмтылған баршаға пайдалы болады.

Online қабылдау