Қонақ дәрісі: әділ құқықтық жүйеде адвокаттықтың рөлі

2025 жылғы 25 қарашада «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде «Әділ құқықтық жүйеде адвокаттықтың рөлі» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Спикерлер ретінде Алматы облыстық адвокаттар коллегиясының адвокаты Арман Жұмашұлы Шарипов және Алматы облыстық адвокаттар коллегиясының төрағасы Сәкен Тұрғанұлы Махышев сөз сөйледі.

 

Кездесу барысында мамандар азаматтардың құқықтарын қорғауда адвокаттықтың маңыздылығын, адвокат қызметінің ерекшеліктерін және Қазақстандағы заманауи заңгерлік практиканың алдында тұрған қазіргі заманғы қиындықтарды талқылады.

 

«Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері өз сұрақтарын қойып, кәсіби тәжірибеден нақты кейстерді талқылау мүмкіндігіне ие болды.

 

Іс-шараның модераторы – Құқық  жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Беков К.А.

Online қабылдау