Құқық клиникалық білім беру бойынша халықаралық конференция

26 – 27 қарашада Ташкент мемлекеттік құқық университеті Заң клиникасының  25 жылдық қызметіне арналған халықаралық конференциясы өтті. Конференция тақырыбы: «Құқық клиникалық білімі: тәжірибе, технологиялар, құқықтық сананың қалыптасуы».

 

 

Іс-шараға «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің өкілдері қатысты:

 

  • Джумабаева К.А., ҚЖМ директоры, PhD – «Құқықтық білім беру саласында университеттер мен мемлекеттік институттардың серіктестігі» тақырыбында баяндама жасады;
  • Аталықова Г.Ш., ҚЖМ сениор-лекторы – «Құқық клиникаларының гендерлік теңдікті ілгерілету және осал топтағы әйелдердің құқықтарын қорғаудағы рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

 

Конференция тәжірибе алмасу, құқық клиникалық білім берудің заманауи технологияларын талқылау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту алаңы болды. «Тұран» университеті өкілдерінің қатысуы құқықтық білім беру мен құқық қорғау жұмыстарының өңірдегі белсенді рөлін айқындап көрсетті.

Online қабылдау