Есахметова Ляйля Муратбековнаның докторлық диссертациясын қорғауы — «Тұран» университеті

2026 жылдың 19 қаңтарында «Тұран» университетінің диссертациялық кеңесінде Есахметова Ляйля Муратбековнаның 8D04103 — «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу мақсатындағы докторлық диссертациясын қорғауы өтті.

 

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің астық өңдеу кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін дамыту».

 

Ғылыми жетекшісі — Джолдасбаева Г.К., экономика ғылымдарының докторы, профессор.

 

Қорғау нәтижесі бойынша диссертациялық жұмыс диссертациялық кеңес мүшелері тарапынан жоғары бағаланып, үміткерге бір ауыздан философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

 

«Тұран» университеті әкімшілігі Есахметова Ляйля Муратбековнаны докторлық диссертациясын сәтті қорғағанымен шын жүректен құттықтайды және оған әрі қарайғы ғылыми жетістіктер, кәсіби өсу мен жемісті ғылыми-зерттеу қызмет тілейді.

 

Қорғау туралы толығырақ.

Online қабылдау