«Тұран» университеті мен Pacific Asia Society арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі

2026 жылғы 14 қаңтарда «Тұран» университетінде халықаралық қоғамдық ұйым – Pacific Asia Society (PAS) өкілдерімен ресми кездесу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша мәдени және волонтерлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Pacific Asia Society – Азиат-Тынық мұхиты аймағында және халықаралық деңгейде қызмет атқаратын халықаралық қоғамдық ұйым. PAS ұйымының негізгі мақсаты – жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мәдениетаралық өзара түсіністікті нығайту және Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) қолдау. Ұйым әртүрлі елдерден келген жастарды біріктіретін мәдени, волонтерлік, білім беру және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырады.

 

PAS делегациясының құрамында ұйым Президенті Kim Bumsoo мырза, вице-президенттер Lee Jieun ханым және Jung Kiyoung мырза, команда жетекшісі Chung Kyubaek мырза, кеңесшілер Shin Seungman мырза және Kim Yunsik мырза, сондай-ақ директордың орынбасары Kwon Dohan мырза болды.

 

Кездесу барысында тараптар мәдени жобаларды, халықаралық волонтерлік бағдарламаларды, жастар бастамаларын, форумдар мен тренингтерді бірлесіп іске асыру, сондай-ақ мәдениетаралық диалог пен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мәселелерін талқылады.

 

Меморандумға қол қою «Тұран» университетінің халықаралық байланыстарын нығайтуға және Pacific Asia Society ұйымымен мәдени алмасу мен волонтерлік саласында ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға маңызды қадам болды.

Online қабылдау