Тұран университеті Экономика және менеджмент жоғары мектебі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында Академияның негізгі жұмыс үдерістерімен, инфрақұрылымымен және білім беру әрі жобалық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру жүргізілді. Кабинеттер мен оқу кеңістіктері бойынша экскурсия ұйымдастырылып, сондай-ақ тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, жұмысқа орналасу перспективалары және мемлекеттік басқару саласындағы кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптар туралы спикерлер конференциясы өтті.
Талқылаудың маңызды бөлігі мемлекеттік қызметшінің рөліне, жария жауапкершіліктің маңыздылығына және мемлекеттік әрі жергілікті басқару жүйесінде тиімді қызмет ету үшін кәсіби даярлықтың құндылығына арналды.