Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатының «Тұран» университеті Құқық жоғары мектебінде өткен қонақ дәрісі

«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Унзила Шапақтың Қазақстандағы құқықтық реформалардың өзекті мәселелеріне арналған қонақ дәрісі өтті.

 

Кездесу барысында лектор құқықтық жүйенің дамуына қатысты кең ауқымды мәселелер мен перспективаларды қамтып, Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған парламенттік модельге ерекше назар аударды. Дәріс гибридті форматта ұйымдастырылып, оған студенттер, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ Құқық жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Іс-шараның модераторлары Құқық жоғары мектебінің директоры PhD Карлығаш Джумабаева және қауымдастырылған профессор Фархия Момышева болды. Құқық жоғары мектебі болашақ заңгерлерге арналған мазмұнды әрі танымдық дәрісі үшін Унзила Шапаққа шынайы алғысын білдіреді.

 

Бұл дәріс жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға елеулі үлес қосып, студенттерге Қазақстандағы құқықтық жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы алғашқы дереккөзден ақпарат алуға бірегей мүмкіндік берді.

Online қабылдау