«Болашақ қылмыстың даму үрдістері мен технологиялары» тақырыбында «Тұран» университеті Құқық жоғары мектебінде өткен қонақ дәріс

«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде «Болашақ қылмыстың даму үрдістері мен технологиялары» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Іс-шара сараптамалық пікірталас форматында ұйымдастырылып, студенттер мен магистранттарға арналды.

 

Спикер ретінде заң ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды университетінің Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясының ҒЗИ жанындағы жедел-іздестіру қызметі мәселелерін зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Лаббаев Қанат Саметұлы сөз сөйледі.

 

Іс-шараның модераторы «Тұран» университетінің Құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Акимжанов Талғат Құрманұлы болды. Дәріс барысында қылмыстың дамуындағы өзекті үрдістер, цифрлық технологиялардың ықпалы және қылмыстық көріністерге қарсы іс-қимыл саласындағы қазіргі заманғы сын-қатерлер қарастырылды.

Online қабылдау