Шетелдік тыңдаушыларға арналған мәдени іс-шара: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына бару

2026 жылдың 13 наурызында ЦДП «Foundation» бағдарламасының А1 және А2 топтарының шетелдік тыңдаушылары оқытушылар Жаппар Карлыгаш Зейнеловна және Бекен Айсулу Абилбекқызының жетекшілігімен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына барды.

Оман, Франция, Оңтүстік Африка Республикасы, Замбия, АҚШ және Түркиядан келген студенттер «Бейнелер мен аңыздар, Шехерезада» атты концерттік бағдарламаны тамашалады.

Филармонияға бару оқу және мәдени іс-шара аясында ұйымдастырылып, шетелдік тыңдаушыларға шығыс әуендерінің атмосферасына еніп, тарихи сипаттағы музыкалық шығармаларды сезінуге және классикалық музыка мәдениетінің байлығын жақынырақ танып-білуге мүмкіндік берді.

Бұл сапар студенттерге үлкен әсер қалдырды – концерт барлығына өте ұнады. Филармонияға барғаннан кейін шетелдік тыңдаушылар өз әсерлері туралы шағын эссе жазып, бұл мәдени іс-шарадан алған әсерлерімен бөліседі.

Online қабылдау