Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, «Дипломат» студенттер клубында дәріс оқыды

Тұран университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы «Дипломат» студент клубы аясында 2021ж. 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлымен «Кәсіби дипломаттың он қыры» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында тәжірибелі дипломат Абзал Сапарбекұлы дипломатиялық қызметтің ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы, Қазақстан мен Түркия елдері арасында мемлекет аралық байланыстың ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Академиялық білімнің кәсіби қызмет барысындағы қолданысы мен ХХІ ғасырда дипломаттан талап етілетін негізгі қабілеттер туралы болашақ дипломаттарға ақыл-кеңесімен бөлісті.  «Дипломатиялық сағат» барысында Елші мырза дипломатиялық қызметте келіссөздер жүргізудің ұлттық ерекшеліктеріне тоқталып, өзінің қызмет жолындағы кәсіби ұстанымдарымен бөлісті. Кездесу соңы мазмұнды сұрақ-жауап формасында аяқталды.

 

Online қабылдау