Ғылыми жобаларды генерациялау және инновациялау ортылығы

Орталық туралы

Ғылыми жобаларды генерациялау және инновациялау ортылығы 2023 жылдың қазан айында құрылды.

 

Мақсаты – инновациялық, цифрлық және басқа да озық құралдар мен технологияларды әзірлеу саласында ғылыми-зерттеу, білім беру, ақпараттық қызметті жүзеге асыру арқылы университеттің ғылыми әлеуетін арттыру және оларды университет жұмысына тиымды енгізу.

Міндеттері
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту және кеңейту, ғылымды, жаңа технологияларды және инновацияларды дамыту саласындағы әртүрлі байланыстарды нығайту, сондай-ақ, Тұран университетін қызықтыратын салалардағы ғылыми әзірлемелерді практикалық іске асыруға жәрдемдесу;
  • Эразмус+, Жан Моне, Фулбрайт және т.б. сияқты әлемге әйгілі жобаларға қатысу арқылы Тұран университетінің ғылыми қуаттылығын және халықаралық деңгейде танылуын арттыру;
  • Отандық және шетелдік ғылыми қорлар, институттар және басқа да ұйымдар бөлетін гранттар негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Тұран университетінің маңызды және басты бағыттарына басымдық бере отырып, тапсырыс берушілер үшін, қаржыландыру конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын және сараптамалық-аналитикалық әзірлемелерді жүргізу.
Эрасмус+ және Жан-Моне жобалары

Жан-Моне және Эразмус жобалары бойынша жыл сайын конкурс ұйымдастырылады және 2024 жылғы байқауға Тұран университеті Жан-Моне жобасы бойынша 3 модульге өтінім берді:

 

  1. Журналистика және аударма кафедрасы, модуль «БАҚ. Қоғам. Билік» (Қазақстан Республикасында ЕО тәжірибесі), жобаның қатысушылары мен әзірлеушілері – Ибраев М.А., Бусело А.С., Әбдікәрім Ә.;
  2. «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы, «Еуропалық Одақтың тәжірибесі мен заңнамасы және оны енгізу негізінде Қазақстан Республикасындағы қылмыстық жазалардың жаңа үлгілерін әзірлеу» модулі, қатысушылар мен әзірлеушілер: Акимжанов Т.К. Торғауытова Б.А., Көшкінбаева А.С., Кемали Е.С., Мақсұтхан Ш., Бекбауова А., Үрбісінова Н., Әбдікәрім Ә.;
  3. «Туризм және сервис» кафедрасы, модуль: «Орта Азия елдерінің климаттық өзгеру салдарына бейімделуі: Еуропалық Одақтың практикалық шешімдері», жобаны әзірлеушілер – Сулейменова Н.О.Сарина С.А., Абайқызы М., Ерубаева Г.К., Чередниченко А.В. , Әбдікәрім Ә.

 

Сонымен қатар университет Еуропалық комиссияның 2 Эразмус+ жобасына қатысуда:

 

  1. Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстан елдеріндегі Париж конференциясының мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған модульдік, ашық және қашықтықтан оқыту шеңберінде кәсіби магистрлерді қалыптастыру, жобаға қатысушылар – Разакова Д.И., Ерубаева Г.К., Әбдікәрім Ә. ;
  2. «Қазақстандағы гастротуризмді дамыту» (Gastro-Kazakhstan). Жобаға қатысушылар – Разакова Д.И., Ерубаева Г.К., Әбдікәрім Ә.;

 

Жобалардың нәтижелері 2024 жылдың тамызында анықталады.

 

Қазіргі уақытта университет Еуропалық Одақтың жаңа DARYA бағдарламасына өз жобасын ұсынды, ол толығымен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы жастардың инклюзивті еңбек нарығына сәйкес дағдыларды дамыту мүмкіндіктерін қолдау шараларына бағытталған ЕО қаржыландыратын бірінші аймақтық жоба болып табылады. Университеттің негізгі қатысушысы Г.Абдуллаева, Разакова Д.И. және Әбдікәрім Ә., жетекшілік ететін психология кафедрасы.

Online қабылдау