Бизнес-инкубатор «Тұран» университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол жастар арасында кәсіпкерлік пен инновацияларды дамытуға, университетте Кәсіпкерлік бағыты бойынша ғылыми, инновациялық және білім беру процесін жетілдіруге, бизнес жобаларды әзірлеу мен коммерцияландыруға студенттердің практикалық қатысуымен оқытуға жүйелі тренингтерді енгізу есебінен жас мамандарды даярлау сапасын арттыруға арналған.
«Тұран» бизнес-инкубаторы алдына келесі міндеттерді қояды: мониторинг, ұсынылған идеяларды, жобаларды іріктеу және алдыңғы қатарлы инновациялық бизнес-идеяларды, нарықта жоғары сұранысқа ие және коммерцияландырудың жоғары деңгейі бар ғылыми-зерттеу әзірлемелерін, инновациялық жобалық қызметке қабілеттілік танытатын дарынды білім алушыларды анықтау, жобаларды, әзірлемелерді іске асыруға жәрдемдесу.
Жобаны бизнес-инкубатор алаңында іске асыру үшін «Turan-Innovations» стартаптар конкурсына қатысу қажет. Конкурсқа қатысуға идеяның бір авторы да, құрамында 5 адамнан аспайтын авторлар тобы да жіберіледі (авторлық топтың жетекшісі топ мүшелерімен сайланады).
Бизнес-инкубатордың үйлестірушісі Береснева Анна Сергеевна, оның басшылығымен «Тұран» университетінің қабырғасынан тыс өз қызметін жалғастырған 5 табысты жоба шығарылды. Бизнес инкубатор бірқатар артықшылықтарды ұсынады, мысалы, стартап студентін материалдық және психологиялық қолдау; ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кәсіби оқыту ұсынылады; тәжірибелі мамандардан кеңес алу; қажетті техникамен және жабдықтармен жабдықталған сапалы жұмыс орны ұсынылады; студенттің идеясы негізінде бизнес-жоспар құрылады және т. б.