Медиалингвистика мәселелерін зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханасы

Ғылыми-зерттеу зертханасының мақсаты – вербалды агрессия бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін жүзеге асыру және тапсырыс берушілермен келісімшарт негізінде (ақылы және тегін) филологиялық сараптамалар жасау.

 

 

ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ:

 

  • Білімберу (журналистерге, студенттергежәнебасқадамүдделітұлғаларғаарналғантренингтер);
  • Ғылыми (магистранттарғаарналғантағылымдамалар, лингвистикалықсараптамаәдістерінәзірлеу, зерттеужәнежобалыққызмет).

 

 

“Журналистика” білім беру бағдарламаларына (бакалавриат және магистратура) “Медиамәтіннің лингвистикалық қауіпсіздігі,” “Лингвоконфликтология,” “Вербалды агрессия және сөйлеу манипуляциясы” пәндері енгізілген. Осы пәндер аясында студенттер НИЛПМ тәжірибелі мамандарының жетекшілігімен жарияланған мақалаларды талдауды және оларды “өшпенділік тілі” тұрғысынан дұрыс жазуды үйренеді.

 

“Журналистика” мамандығының магистранттары зертханада тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие. Бұл кезеңде олар өз диссертация материалдарын “қақтығыс әлеуеті” тұрғысынан талдап, осы бағытта іс-шараларды әзірлейді. Бұл білім оларға тек этикалық контент жасауға ғана емес, сонымен қатар студенттермен бірлесіп ағартушылық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді: ашық семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер және шеберлік сыныптарын ұйымдастыру. Олардың өзекті тақырыптарына “Журналист медиатор ретінде,” “Әлеуметтік желілердегі арандатушылар,” “БАҚтағы құқықтық мәдениет,” “Медиа ортадағы буллинг” және басқалары жатады.

 

Жыл сайын 15–20 соттық және соттан тыс филологиялық сараптама жүргізіледі. Бұл жұмысқа Медиа және мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебінің филологтары: Р.Д. Карымсақова, К.З. Жаппар, Н.М. Томанова, А.К. Алтаева, А.С. Бузело және басқалары қатысады.

 

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері халықаралық конференция материалдарында, оқулықтарда, анықтамалықтарда, практикалық нұсқаулықтарда жарияланып, мамандар мен журналистер арасында жоғары сұранысқа ие.

 

 

“TURAN-LINGUA” ҚЫЗМЕТТЕРІ:

 

  • Вербалдыагрессиябойыншаконсалтинг;
  • Даулымәтіндергефилологиялықсараптамажүргізу;
  • Студенттерге, журналистергежәнеблогерлергеарналғаншеберліксыныптары, семинарларжәнетренингтер;
  • Судьяларға, адвокаттарғажәнесотсарапшыларынаарналғанбіліктіліктіарттырукурстары
Online қабылдау