Байланыс: +7 (727) 260-40-27
E-mail: n.mussakhanova@turan-edu.kz
2018 жылдан бері Жоғары қаржы мектебінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері Бизнес-инкубатордың резиденттері болып табылады. Резиденттік кезеңде ауқымды жұмыстар атқарылды: кеңес алуға өтінімдерді тіркеу журналы жүргізілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қаржы мониторингі агенттігі, екінші деңгейлі банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялар, бизнес-тренерлер сияқты ұйымдармен кездесулер өтті. Сонымен қатар, резиденттер түрлі ғылыми жоба конкурстарына белсенді қатысады.
Бизнес-инкубаторда ұсынылған жобалар:
Резиденттер “Қаржыгер” ғылыми-инновациялық студенттік клубының мүшелері болып табылады. Олардың жетістіктері халықаралық және республикалық байқаулардың дипломдарымен және сертификаттарымен атап өтілген. Студенттер Волгоград (Ресей), Сочи (Ресей) қалаларында өткен халықаралық форумдарда, сондай-ақ Астана, Қарағанды, Алматы қалаларындағы ғылыми байқауларда “Туран” университетінің намысын қорғады.
Сонымен қатар, резиденттер “Мемлекетаралық студенттер ынтымақтастығы” халықаралық ғылыми студенттік клубының мүшелері болып табылады. Олар ПОД/ФТ (ақша жуу және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес) саласындағы тәуекелдерді басқару мәселелерін зерттейді және Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігі тақырыбында баяндамалар жасайды.
Студенттік ғылыми қоғамның жетекшісі және жобалардың менторы – Назия Аруевна Мусаханова, Жоғары қаржы мектебінің аға лекторы. Назия Аруевна академиялық салада ғана емес, сондай-ақ Қазақстан банктерінде, сондай-ақ “Қазақмыс Корпорациясы” ЖШС-нің қаржы мәселелері бойынша жетекші ретінде мол тәжірибеге ие. Ол 60-тан астам ғылыми мақалалар жариялап, оқу құралдарын шығарған.