«Infographic studio of Turan University» инфографикалық орталығын ашудың негізгі мақсаты – статистикалық ақпаратты визуализациялауды қамтамасыз ету.
Инфографика студиясы өз ісін ашқысы келетін, бірақ қаржылық есептеулерде қиындық көретін студенттер үшін жұмысты бірнеше есе жеңілдетеді. Студияның тәлімгері -сениор-дәріскер Мұсаханова Назия Араевна. 2019 жылы университет пен колледж студенттерінің 10-нан астам өтініштері тіркелген. Көрсетілген қызметтер тіркеу журналында тіркеледі, онда көрсетілген қызметтердің нәтижелері де (дипломдар мен клиенттердің сертификаттары) белгіленеді.
Тренингтер резиденттік студенттерге нақты сектор өкілдерімен, ҮЕҰ-мен кездесулерден өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Startup Turan» базасында тәжірибеден өтуге мүмкіндік бар. Бизнес-жоспар құрудың барлық қызметтерін инфографика студиясы визуализациялай алады.
Қазір инфографика студиясында және консалтингтік орталықтың жаңа мақсаты – виртуалды кеңес беруді құру. Бүгінгі күні бәрі цифрландыруға көшеді және біздің Бизнес-инкубатор жобаларымыз қазіргі заманғы әлемнің шынайылығына бейімделе отырып, шетте қалмайды.