“Тұран” университеті Сіздерді 01.02.2025 – 15.03.2025 аралығында өтетін “TURAN Innovations” атты студенттер мен жас кәсіпкерлер арасындағы ең үздік кәсіпкерлік жоба байқауына қатысуға шақырады.
Байқаудың мақсаты: Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жастарды кәсіпкерлік ортаға тарту.
Байқаудың міндеттері:
- Кәсіпкерлік қызметті кеңінен тарату;
- Жастарды бизнес-жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға ынталандыру;
- Жастар кәсіпкерлігінің іскерлік белсенділігін дамыту;
- Жастардың кәсіпкерлік қызметке қатысты білімдері мен кәсіби дағдыларын арттыру;
- Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына жақсы әсер ететін, келешегі зор бизнес-жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жастар бастамаларын қолдау.
Байқауға “Тұран” университетінің 35 жасқа дейінгі студенттері, магистранттары, докторанттары және оқытушылары қатыса алады.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
- 1-ші кезең – бастапқы : 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін университеттің конкурстық комиссиясы жобаларды бағалап, олардың көпшілік алдында қорғалуына рұқсат беру туралы шешім қабылдайды. Қатысушылар (төменде көрсетілген электрондық поштаға) 10 слайдтан аспайтын мультимедиялық презентация немесе 3 минуттан аспайтын бейнематериал түрінде жобаны жіберуі қажет. Материалдар бизнес-жобаның мәнін, өзектілігін, маңыздылығын, мақсаттары мен міндеттерін барынша айқын сипаттауы тиіс. Қашықтықтан іріктеу нәтижелері бойынша қатысушылар тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.
- 2-ші кезең – қорытынды : бизнес-жобаларды көпшілік алдында қорғау және жеңімпаздарды анықтау (“Тұран” университетінде 11.04.2025ж өткізіледі). Байқау финалистерінің презентацияларының нәтижелері бойынша, сарапшылар толтырған бағалау парақтарына сүйене отырып, қазылар алқасы жобаларды саралап, жеңімпазды анықтайды.
Байқау қорытындысы бойынша үздік командаларға 1, 2, 3 орындар беріледі. 1 және 2 орын алған бизнес-жобалар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, 2-ші кезеңге өткен қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Бастапқы кезең: 20 наурызға дейін қатысушы анкетасын толтыру қажет.
Сонымен қатар, өтінім формасын толтырып (Қосымша 1), жобаңызбен бірге b-i@turan-edu.kz электрондық поштасына жіберу керек.
Байқаудын өткізілуі туралы қосымша ақпарат : “Тұран” университеті, Сәтпаев көшесі 16а, Бизнес-инкубатор, Береснева Анна Сергеевна, телефон: +7 (701) 210 00 20, email : b-i@turan-edu.kz